Қазақстаннан шетелге ең көп адам 2019 жылы қоныс аударған.
LS соңғы бес жылда елден қанша адам қоныс аударғаны, қай елдерге және қандай мамандар кеткені туралы инфографика дайындады. 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде адамдардың ең көп кетуі 2019 жылы тіркелді - 45,2 мыңнан астам, ал ең азы - 2020 жылғы пандемияда (29,1 мың). Ресей көптеген эмигранттардың «жаңа отанына» айналды. Екінші орында Германия тұр. Бұл бес жылдықта елден кеткен азаматтардың ішінде негізінен техникалық -экономикалық, педагогикалық және медициналық бейіні бар мамандар болды. Ал былтыр елден 29 088 адам көшті.