Оралда журналист Лұқпан Ахмедияровты ұстап әкетті

Ғалиасқар Думан

ОСК нұсқасы бойынша Мәжіліс сайлауында жеңілген белгілі журналист Лұқпан Ахмедияровты күштік құрылымдар ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде Ахмедияров көлігін күштік құрылым жауынгерлері тоқтатып, тінтіп жатқанын көрсеткен.

Видеода журналис өзін неліктен тоқтатқанын анықтауға тырысқанымен, мардымды жауап ала алмаған.

"ҰҚК қызметкерлері тоқтатты. Мені ұстауға тырысып жатыр, неге екенін білмеймін. Мына “қайраткерлер” мені ұстап әкетпек.  Жалпы, мен Шолохов көшесіндемін. Таңертеңнен бері соңымнан аңдып келеді", - деді журналист.

Ұзақтығы 20 минуттан асатын видеоның соңында журналиске кете беруге рұқсат етілген.

Алайда, сәл кейінірек әріптестері Facebook-те Ахмедияровтың ұсталғанын хабарлады.

"Лұқпан Ахмедияровты полицейлер арнайы күштермен ұстады. Орал қалалық полиция бөліміне жеткізіледі", - деп жазды журналист Руаль Упоров.