Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев өзінің депутаттық сауалында сыбайлас жемқорлықпен ұсталған шенеуніктердің жеңіл жазамен құтылатынына наразылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Көптеген адам үшін сыбайлас жемқорлық – бұл уақытша нәрсе, тек белгілі бір қызметтер үшін шенеунікке ақша беру фактісі болып табылады деп ойлайды. Бірақ объективті түрде қарасақ, сыбайлас жемқорлық – бұл бұзылып жатқан мектеп, аурухана, тұрғын үй кешені, жолдар. Сапасыз, аяқталмаған немесе мүлдем жоқ әлеуметтік инфрақұрылым объектілері. Сыбайлас жемқорлық тек қана экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіруде», - деді депутат.
Мәжілісменнің сөзінше, мұның бәрі сауатсыздықтың көрінісі емес, бұл - ұрлық, схемалар.
«Барлығы билік органдарынан бастау алып жатқаны жасырын емес. Соңғы жағдайлар Қазақстан азаматтарын дүрліктірді. Талдықорған қаласындағы бухгалтер бюджеттен ақша ұрлау есебінен 2 млрд теңгеге байыды және тағы 14 пәтер табылды. Алматы қаласында «Арт Спорт» жобасы бойынша бөлінген 20 млрд теңгеден шамамен 2 млрд теңгесі ұрланды.
Сыбайлас жемқорлықтың басқа да түрлері толып жатыр. Мысалы, Астана қаласының әкімдігі технологияларды бұза отырып, сапасыз салынған өзінің 100 нысанын белгіледі. Бірақ, бұл - ойға сиымсыз факт. Шенеуніктің өзі Комиссия технологияның бұзылуымен, инженерлік желілердің жүргізілусіз салынған үйлерді қабылдағанын мойындап отыр», - деді ол.
Депутат мұндай мысалдар өте көп екенін атап өтті.
«Бірақ шын мәнінде, сыбайлас жемқорлық сіз бен бізден тек қана ақша ұрлап отырған жоқ, сыбайлас жемқорлық уақыт пен болашақты ұрлап отыр. Атап айтсақ, біздің балаларымыздың лайықты болашағын ұрлап отыр. Миллиардтарды ұрлағаны үшін адам 6 жыл алса, үш жылдан кейін мерзімінен бұрын босатылса, бұл әділетті ме? Ал журналистік қызметпен айналысатын адам 9 жыл ала алады? Бұл ретте, көптеген адам өздерінің ұрлаған байлықтарын көрсетуден ұялмайды. Бұл - халыққа түкіру. Сыбайлас жемқорлық – біздің ортақ жауымыз», - деді ол.
Біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар үнемі жариялануда, бірақ біз олар туралы есепті көрмейміз.
«Біздің шенеуніктер халықтың қызметшісі ретінде емес, қожайыны ретінде әрекет етсе, ешқандай сәтті реформалар мен әңгіме болуы мүмкін емес», - деді ол.
Ол Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаттары атынан келесіні талап етті: