Қорғаныс министрлігінің генералы Ербол Назарбаевқа неге жақпай қалды

Ulysmedia

Генералдың погонын шешіп, бақылау мен тыңдау ісін желеу етіп темір торға тоғытса, онда мұндай қадам біреуге қажет болғаны ма? Қоғам назарына тағы бір ескі қазақстандық қылмыстық іс ілікті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

2020 жылы БАҚ Қорғаныс министрлігінде кадр қызметін басқарған жоғары дәрежелі әскери бастықты ұстау туралы Антикордың ақпаратын таратты. Ол “қамқорлығы” үшін, қала берді, қызметте жоғарылау үшін жүйелі түрде пара алды деп айыпталды. Кейін соттың үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды. Төрт жыл өтсе де Қайрат Рашидұлы Көпбаев әлі де назардан тыс қалған жоқ. Бүгінде оның қылмыстық тарихы тек баспасөзде ғана емес, Парламент қабырғасында да талқыланып жүр.

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзивті сұхбатында ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ елдегі заң мен тәртіпке жауапты адамдардың бәрі оны тыңдағысы келмейді екен. Жоғарғы Сот та, Бас прокуратура да Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенінің тапсырысы бойынша жасалған жалған іс пен айыптау үкімін келістіріп отырғанға ұқсайды.