Академиялық адалдық пен өмір сүруге күрес: Қазақстан ғылымында әйелдер бар ма

Ulysmedia

12 сәуір – Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні.

Бұл күн бекер таңдалмаған — дәл осы күні аса көрнекті геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев дүниеге келген.

Бүгінде отандық ғылым жиі сынға ұшырайды. Алайда біз оның қазіргі жағдайы туралы не білеміз?

Елімізде шамамен 22 мың ғалым бар. Бірақ ғылымды қаржыландыру көлемі ІЖӨ-нің небәрі 0,18 пайызы ғана. Бұл – АҚШ, Еуропа елдері немесе, мысалы, Сингапурмен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш.

Соңғы жылдары көптеген зерттеуші шетелге кетіп қалды не мүлде басқа салаға ауысып кетті. Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінен айырылып жатыр.

Бізде не қалды? Болашақ қандай?

Осы мәселеде Назарбаев Университеті еліміздің ғылым саласындағы көшбасшысы болып қалып отыр. Университеттің заманауи инфрақұрылымы, мықты зерттеу базасы және халықаралық стандарттарды ұстануы — соның дәлелі. 2025 жылы бұл оқу орны Times Higher Education беделді халықаралық рейтингінде зерттеу университеті ретінде мойындалды.

Ғылым күні қарсаңында біз Назарбаев Университетінің вице-провосты әрі жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаевамен қазақстандық ғылымның жай-күйі, оның алдында тұрған сын-қатерлер мен мүмкіндіктер туралы әңгімелестік.

Аида Сағынтаеваның айтуынша, Қазақстанда ғылым болған, бар және болашақта да болады. Ғалымдарымыз күрделі сұрақтарға жауап іздеп, тәжірибе жасап, зерттеу жүргізуді тоқтатқан емес. Иә, бізде технологиялық алыптар жоқ шығар, бірақ бізде серпіліс жасауға мүмкіндік беретін әлеует пен құзырет жетерлік.

Подкаст барысында біз ғылымның біз үшін нені білдіретіні, қоғам өміріндегі рөлі, ғалымдардың шетелге кетуін қалай тоқтатуға болатыны, ауыл жастарының білім деңгейін көтеру жолдары және қазіргі студенттердің бейнесі туралы сөз қозғадық.