Тікелей эфирдегі сот процестері биліктің манипуляциясы ма

Есдәулет Қызырбекұлы
Ulysmedia коллажы

Кейінгі жылдары Қазақстанда сот процестерін тікелей эфирде өткізу тенденциясы байқалады. 

Былтыр "әйелін ұрып өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев соты тікелей эфирде көрсетілсе, биыл Талғардағы төбелес кезінде қаза болған жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот та тікелей эфирде таратылды.

Бұл сот ашықтығының белгісі ме, жоқ әлде заң үстемдігінің имитациясы ма? Сарапшылар не дейді? Ұзақ жылға сотталған саяси белсенділер мен журналистердің соты неге жабық өтті?

Бұл материалда осы сауалдарға жауап іздейміз.