"Қазақ тілінің жанашыры болсаң, басшылық өсірмейді"

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Бүгінгі сұхбат қазақ тілінің қазіргі жағдайына алаңдайтын әрбір көрерменге арналған.

Гүлжазира Шабдан – тіл жанашыры. 15 жыл өмірін Алматы әкімдігінде жұмысқа арнаған. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін оқыту әдістемесін жасап, әріптестеріне тіл үйреткен. Алайда қала басшыларын - шенеуніктерді ана тілінің мүшкіл хәлі алаңдатпай, Гүлжазира Қажпақпарқызы шеттеп қалды. Бізге берген сұхбатында мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің жағдайы, өз тілін білмейтін басшылар мен Алматының әкімдері жасаған қиянаттарды бүкпесіз жайып салды. Гүлжазира ханым кезінде Храпунов, Есімов, Тасмағамбетов, Байбек, Сағынтаев кезінде қызмет еткен екен. Әсіресе, Бауыржан Байбек тұсында тіл басқармасы мүлдем жойылып кеткенін маман күрсіне айтты.

Сұхбатта көтерілген өзекті мәселелер:

  • Мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің нақты ахуалы – неге қағаз жүзінде бәрі жақсы, ал шындық мүлде басқа?
  • Тест жүйесінің (Қазтест) көзбояушылыққа айналуы және қазақ тіліне деген немқұрайлылық.
  • Тіл басқармаларының жабылуы және оның салдары — кім жауапты?
  • Тіл комитетінің жұмысындағы әрекетсіздік пен формализм.
  • Қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлер, аудармашылардың ауыр еңбегі.
  • Қазақ тілін дамытуға кедергі болып отырған кадр саясаты мен “өз адамын өткізу” жүйесі.
  • Меритократияның жоқтығы және конкурстардағы әділетсіздік.
  • «Қазақша сөйлеші» дегені үшін айыпталу – қазақ тілін қорғау неге қауіпті әрекетке айналды
  • Конституциядағы “қазақ тілімен қатар орыс тілі” нормасы – оны өзгерту неге қиын?
  • Тілдің болашағы мен жаңа ұрпақтың таңдауы — қазақ мектептері неге азайып барады?
  • Мемлекеттік тілге шынайы қажеттілік тудыру үшін не істеу керек?
  • “Жаңа Қазақстанда” әділдік бар ма? — бұрынғы қудалаулар мен жүйелік проблемалар жайлы ашық әңгіме.
  • Елдің тілін, заңын, әділдігін қорғайтын нағыз азаматтар жоқ емес, бар!

Негізгі ойлар:

  • “Кеңсе тілі қазақ тілі болмай, ештеңе оңбайды”.
  • “Бәрін құртатын – өтірік есеп пен жалған ақпарат”.
  • “Қазақ тіліне жауапты адамдар өз міндетін түсінбей отыр”.

Бұл сұхбат — тек тіл туралы емес, әділдік, мемлекет, және сана туралы. Қазақ тілінің тағдырына бейжай қарамайтын әр адам көруі керек.

Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.