Газ тапшылығы, КҚК-дағы проблема: қара алтынның болашағы туралы ашық әңгіме

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Мұнай – Қазақстан үшін жай ғана баррельдер мен есептер емес. Теңге бағамы, дүкендегі баға, бюджет тапшылығы және елдегі тұрақтылық мұнаймен тікелей байланысты.

Рекордтық өндіріске қарамастан, неге біз әлі күнге дейін дағдарыстан көз ашпай келеміз?

Қазақстан мұнайынан шын мәнінде кім пайда тауып жүр – мемлекет пе, әлде инвесторлар ма?

2026 жылы елді не күтіп тұр және алдағы 10–15 жылда, мұнай негізгі табыс көзіне айналған кезде, қандай сценарийлер орындалып кетуі мүмкін?

Осы мәселенің бәрі Ulysmedia-ның YouTube-арнасындағы үлкен әңгімеде талқыланады. Жетекші сарапшылар – Асқар Исмаилов пен Нұрлан Жұмағұлов бас редактор Самал Ибраеваға берген сұқбатында 2025 жылдың мұнай-газ саласына қорытынды жасап, саланың болашағын пен бірге талдады.

Бүгінгі шығарылымда талқыланатын негізгі тақырыптар:

  • КҚК-дағы проблемалар неліктен экономикаға біз ойлағаннан да ауыр соққы береді?

  • Газ тапшылығы қаупі қаншалық және Орынбор ГӨЗ айналасында не болып жатыр?

  • Қазақстан неге әлі күнге дейін өз қуатты газ өңдеу зауытын сала алмады?

  • Елге төртінші МӨЗ керек пе және оны кім салуы тиіс – мемлекет пе, әлде жеке инвестор ма?

  • Неліктен ішкі мұнай-газ нарығы әлі де тиімсіз болып отыр?

  • Бағаны либерализациялау – саланы құтқару ма, әлде әлеуметтік тәуекел ме?

  • Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ бойынша ӨБК (СРП) келісімдерінің тағдыры не болмақ?

  • Экологиялық айыппұлдар: әділетті талап па, әлде инвестициялық климатқа соққы ма?

  • МӨЗ-дерді жекешелендіру: қауіп пе, әлде мүмкіндік пе

  • Неліктен мұнайдан түскен қаржы Ұлттық қорға емес, барған сайын бюджетке құйылып жатыр?

  • Қазақстан норвегиялық модельді қайталай ала ма және оған не кедергі?

Бұл – нақты экономика, мемлекеттің жауапкершілігі және бүгінгі қателіктердің ертеңгі бағасы туралы ашық әңгіме.

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube-арнасынан көре аласыз.