Бүгінде Қазақстандағы IT — арман, «Б жоспары» және болашаққа деген үміт. Айти маманы болғысы келмейтін адам кемде-кем: оқушылар да, ата-аналар да, гуманитарлық сала өкілдері де, тіпті басқа бағытта ұзақ жыл еңбек етіп жүргендер де осы саланы таңдауға ұмтылады. Алайда сәнге айналған «IT» ұғымының артында барған сайын бір маңызды сұрақ туындайды: болашақ мамандарды кім және нақты неге үйретіп жатыр, әрі олар еңбек нарығына шынымен қажет пе?
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген ауқымды сұқбатында Astana IT University ректоры Әлтайыр Ахметов бұл сауалдарға ашық әрі жан-жақты жауап берді.
Сұқбатта ол:
— университеттер неге енді «диплом шығаратын фабрика» бола алмайтынын;
— білім беру мен еңбек нарығы арасындағы шекара қай жерде өтетінін;
— IT саласында үнемі біреуді қуып жетуге тырысу неге ұтылысқа апаратынын;
— жасанды интеллект студенттерге не үшін дәл қазір қажет екенін;
— дипломдық жұмыстың орнын стартап қалай баса алатынын;
— AITU түлектерін кімдер «хантиң» жасап жатқанын;
— адам капиталына инвестиция салу неге ел үшін ең жүйелі әрі тиімді қадам екенін түсіндірді.
Сұқбат барысында сондай-ақ мына тақырыптар қозғалды:
— қазақстандықтар үшін үздік жасанды интеллект құралдарына (Perplexity AI, ChatGPT, Grok және басқалары) тегін қолжетімділік;
— киберқауіпсіздік, киберполигондар және күштік құрылымдарға маман даярлау;
— студент стартаптары: қатерлі ісікті ерте анықтаудан бастап есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған ЖИ-аватарларға дейін;
— цифрлық журналистер және цифрлық мемлекеттік басқару мектебі;
— университеттердің автономиясы мен жаңа академиялық мәдениет;
— оқу құнының нақты бағасы мен оқытушылардың жалақысы;
— түлектердің 96 пайызға дейін жұмысқа орналасуы;
— қазақстандық IT университетінің шетелдік жоғары оқу орындарымен қалай бәсекелесе алатыны.
Astana IT University бұл:
— 3 жылдық оқу форматы;
— ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары;
— киберқауіпсіздік бойынша мықты мектеп;
— тәжірибеге негізделген білім беру;
— «шаң басқан» дипломның орнына стартаптар;
— еңбек нарығымен және мемлекетпен тікелей байланыс.
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре аласыз.