Күні ертең Қазақстан халқы жаңа Конситуция жобасы бойынша референдумда дауыс береді. Өз таңдауларын жасайды. Билік пен халық арасындағы келісімді, ендігі саяси-қоғамдық қатынастарды реттейтін, келешекті айқындайтын мәселені жан-жақты шынайы талқылауымыз керек. Сол үшін Ulys алаңына Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспанды шақырдық.
Екі депутат та бір мандатты округтер арқылы сайланған. Бірақ жаңа Ата заң жобасы бойынша енді тек партиялық тізім бар. Бапи мырза бұл жайлы «Халық өзі сайлаған депутаттарын қабылдай алмады, деструктивті топтарға жығып берді» деген реніш аралас оқшау ой айтты.
Президент билігі вертикалінің ықтимал күшеюі жайлы күдікті де жан-жақты талқыладық. Жаңа Конституцияның жылдам қабылдануына Путин-Назарбаев диалогының әсері бар-ау деген болжам да айтылды.
Абзал Құспан Жаңа Конституция жобасын жаппай сынау мен жаппай мақтаудың арасындағы сындарлы талқының ескерілмеу себебін түсіндірді. Қазақ тілі мәселесі де подкастқа арқау болды.
Емен-жарқын әңгімені асықпай отырып тамашалауға шақырамыз.