Тоқаевтың БҰҰ-ға кететіні рас па? Автожарыстардың "крышасы" кімдер? – Ұлыс апта

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның ең маңызды оқиғаларын қорытындылады.

Алматыдағы апат қандай былықтардың бетін ашты? Жүгенсіз жүйткіп, есіре көлік айдайтындардың артында тұрған кімдер? Оларға полицияның күші неге жетпей отыр? Жалпы "заң мен тәртіп" қағидасы кім үшін айтылған? Бұл принципті сақтау үшін тергеу істері неге ашық жүргізілмейді?

Ерболат Досаев қызметінен неге кетті? Тоқаевтың бұл шешіміне не себеп болды? Енді Досаевтың саяси мансабы осымен аяқталды ма? 

Алматы әкімдігін бірнеше рет сынаған саяси белсенді Санжар Боқаевтың жағдайы қалай? Әсет Матаев пен Оразалы Ержановтың адвокаттары не деп жатыр? 

Жаңа құрылмақ парламент. Қарт депутаттар кете ме? Блогерлер, ақын-журналист депутаттардың мандатсыз қала ма? Құрылтайға кімдер кіруі мүмкін? Біз бұл туралы халықтың пікірін сұрап көрдік.

Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын басқаруға бара ма? Кей сарапшылар Қазақстанда мұндай мүмкіндік бар деп санайды. Ал кейбір дереккөздер Тоқаев вице-президенттік позицияда қалып, алға жаңа президентті ұсынуы мүмкін деген болжам айтады. Жаңа саяси науқан қандай болмақ?

Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.