Украина, Таяу Шығыс және жаңа әлемдік тәртіп: Франция елшісімен ашық әңгіме

Ulysmedia
Коллаж: Ulysmedia.kz

Францияда өтетін G7 саммиті қарсаңында, күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар — Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы ахуал, жаһандық қауіпсіздік, энергетика және әлемдік экономиканың болашағы болып тұрған кезде, Ulysmedia.kz студиясының қонағы Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге болды.

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзивті сұхбатында француз дипломаты Еуропа мен әлем алдында тұрған негізгісын-қатерлер, Францияның Орталық Азиядағы Қазақстанның рөліне көзқарасы, Париждің Украинаны қолдау ұстанымы және халықаралық тәртіптің болашағы туралы пікірін айтты.

Сұхбат барысында төмендегі мәселелер талқыланды:

Франциядағы G7 саммитінің басты тақырыптары қандай болады;

Украинадағы соғыс Еуропаның қауіпсіздік архитектурасын қалай өзгертіп жатыр;

Әділетті бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін бе және Франция бұл ұғымды қалай түсінеді;

Таяу Шығыстағы қақтығыс әлемдік тұрақтылыққа қалай әсер етуде;

Неліктен Франция Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес деп санайды;

Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы және француз компанияларымен ынтымақтастық;

Орта дәліздің даму перспективалары және Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысы;

Виза режимі, білім беру және қазақстандықтар үшін Франциядағы жаңа мүмкіндіктер;

Сөз бостандығы, саяси реформалар және демократияны дамыту;

БҰҰ реформасы және халықаралық институттардың болашағы.

Жылдағы ең маңызды халықаралық форумдардың бірі қарсаңында Франция елшісі әлемдегі басты дағдарыстар, дипломатияның рөлі және Қазақстанның жаңа геосаяси шындықтағы орны туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Ulysmedia.kz арнасына жазылыңыздар. Біздің редакция Франциядағы G7 саммитіне аккредиттелген және әлемдік күн тәртібін айқындайтын маңызды шешімдер, келіссөздер мен оқиғалар туралы жедел ақпарат таратып отырады.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.