Ұлыс апта әдеттегідей ел назарындағы аптаның басты жаңалықтарының шолуын ұсынады.
Аптаның басты оқиғаларын саралап көрейік:
Баспанасыз қаңғып жүрген қара халық ипотекалық кезектен үй аламыз деп, банкті күзетіп, кезегін тосып жүр. Ал мемлекет 7-20-25 бағдарламасына шектеу қойып, халықты мазақ еткен. Автоолигархтардың қалтасына кетіп жатқан миллиардтаған қаражатты неге халықтың баспана мәселесін шешуге бөлмеске деген заңды сұрақ туындайды.
Ал батыста тағы ереуіл. Бұл жолы Атыраудағы Теңіз компаниясының жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп шықты. Қымбатшылықтан қысылған атыраулықтардың күйін түсінуге болады. Инфляция 20 пайыздан асқалы қашан. Ал бағалар тізбегі еселеп өсуде.
Қанды қаңтар: үтік басқан экс-полицейлердің үкімі шықты. Азаптағандар үш-ақ жылдан арқалады. Ал Тараздағы сұмдықты сөзбен айтып жеткізу қиын. Тараз соты қаңтарда қырылғандарды кінәлі деп тапты.
Сайлау: блогерлердің бәсекесі! Елдегі саяси технологтар неден қорқып отыр? Республиканың репитициясы, Аманаттың амалы.
Орал қаласының әуежайы ресейліктердің бақылауына кетуі мүмкін. Әуежайды ресейлік миллиардер сатып алды деген ақпарат шықты.
Зілзала: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі. Қаза болған қазақтар. Бауырлас елге қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Ұлыс аптаның толық нұсқасын біздің Youtube-арнамыздан көре аласыздар.