Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларына шолу жасады.
«Ұлыс» аптаның ең маңызды әрі қоғамда қызу талқыға түскен оқиғаларын саралайды.
ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЕКІ АГРЕГАТ ТОҚТАДЫ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІ ӨШТІ.
Бюджеттен миллиардтаған қаржы алып отырған ұлттық компания KEGOC мұндай жағдайға неге дайын болмай шықты? Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі көрші елдегі екі агрегатқа тәуелді ме? Энергетик-инженер Бақытжан Жақсалиев не дейді?
КАНЬЕ УЭСТІҢ КОНЦЕРТІ ТАҒЫ БІР ЖАРАМЫЗДЫ АШТЫ.
Қазақстанда миллиондаған қаржы тауып, тіпті ғарышқа ұшып келген Дана Қарағұсова неге мемлекеттік тіл – қазақ тілімен санаспайды? Қазақстанда бизнес қазақ тілін құрметтеп, онымен санасатын уақыт әлдеқашан жетті. Бұл мәселе жөнінде ақын Перизат Мырзахметтің пікірін білдік.
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА БІР-АҚ АПТА ҚАЛДЫ.
Абайдың құнын Құнанбайдың малымен өлшеген Айдарбек Қожаназаровтың сөзі қоғамның ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде тіпті «саясаткер ретіндегі саудасы бітті» деген пікірлер айтылып жатыр. Бір ауыз сөз саясаткердің беделіне қаншалықты қымбатқа түсуі мүмкін?
«ӘДІЛЕТ» АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАП ЖҮР.
Сайлау науқаны қызған тұста «Әділет» партиясы өңірлерге шығып, сайлауалды бағдарламасын таныстыруда. Шымкентте партия төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға бірдей міндетті болуы тиіс екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастаған. Зайырлы мемлекетке төнетін қауіп бар ма? «Заң және тәртіп» қағидаты іс жүзінде қалай орындалуы керек? «Әділет» не ұсынып отыр?
Осының бәрін бүгін тарқатып айтамыз.
Біздің ашық ақпарат таратып, қоғам үшін маңызды мәселелерді батыл көтеруіміз – ең алдымен оқырманның қолдауының арқасы.
Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер.