Қариннің жаңа рөлі, Бектеновке сенім: Тоқаевтың кадрлық таңдауы нені білдіреді —Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап, саяси тағайындаулардың мәні мен олардың ел басқару ісіне ықтимал әсерін талдады.

Апталық шолудың басты тақырыптарының бірі — Ерлан Қариннің вице-президент қызметіне тағайындалуы. Бұл шешім нені білдіреді? Оның міндеттері қандай болмақ және командасында кімдер бар?

Сондай-ақ шығарылымда үкіметтің өз позициясын сақтап қалуы сөз болады. Олжас Бектенов президент сенімін ақтай ала ма? Оның жұмысының нәтижесі қандай өлшемдермен бағалануы керек?

Алматы облысына Шыңғыс Әріновтің әкім болып тағайындалуы да назардан тыс қалмады. Өңірде тәртіп пен талапты күшейту үшін қандай шешімдер қажет? Аида Балаеваның Қауіпсіздік кеңесіне ауысуы нені білдіреді? 

Сыртқы істер министрі болып Мұхтар Тілеуберді қайта тағайындалды. Бұл тағайындалуда қандай астар болуы мүмкін? 

Шолудағы тағы бір маңызды мәселе — Құрылтайдың ашықтығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі. Бес партия мен 145 депутаттың жұмысын азаматтар қалай бақылай алады? Депутаттардың сайлаушылармен және журналистермен байланысы қандай болуы керек?

Тоқаевтың жиені Дана Медеуова Құрылтайдан орын алды. Бұған қатысты Құрылтай депутаты Айдос Сарымнан сұқбат алдық.

Сондай-ақ Алматыда Әлнұр Ілияшев пен Марат Тұрымбетов қамалды. Құқық қорғау органдарының хабарынша, оларға шетел азаматы шағым түсірген. Әлнұрдың туыстарының сөзінше, оған алаяқтық бабы бойынша айып тағылып, үйіне тінту жүргізілген. 

Риддерде тұңғыш қазақ мектебі ашылды. Бұл мектепті жергілікті тұрғындар отыз бес жыл күткен.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.