Ulysmedia креатив видеоға кім тапсырыс бергенін анықтады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды африкалық жігіттер дәріптеген видео желіде тез тарады. Жақсылық Омар әлжеліде белсенді әкімдердің бірі. Жұртшылық оны пиарды жақсы көретіндердің қатарына жатқызады. Сондықтан көптің көкейінде “Жақсылы Омар ең жақсы әкім” деген видеоға тапсырыс берген әкімдіктің өзі ме деген сауал туындады. Ulysmedia креатив видеоға кім тапсырыс бергенін анықтады. Ол Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Жергілікті блогер видеоны бартер арқылы тегін түсірткен. Интернетте мұндай видео түсіру қызметі 20 мың теңге тұрады.