Нұр-Сұлтанда мүгедек балалардың аналары әкімдік алдында бас көтерді

Мөлдір Бақыт

Мүгедектігі бар 114 бала қаралатын оңалту орталығы ғимаратсыз қалды 

Нұр-Сұлтанда мүгедек  балалардың аналары әкімдік алдына жиналып, Алтай Көлгіновпен кездесуді талап етті. Олар «Ерекше аналар» Қоғамдық қорына тиесілі оңалту орталығының жабылуына қарсы. Мәселе шешілмесе 50-ге жуық ата-ана әкімдік алдында түнемек.