Осылайша, олар малмен жан бағып отырған отбасылардың қажеттіліктерін өтемек
Америка Құрама Штаттары Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы құрғақшылықтан зардап шеккен Қазақстанды қолдау үшін 100 мың доллар көлемінде шұғыл көмек көрсетпек. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
«USAID құрғақшылықтан зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесе жұмыс жасайды. Құрғақшылықтан зардап шеккен аудандардағы көптеген отбасылардың табыс көзі тек мал шаруашылығы. Малынан айырылғандарға USAID бұл отбасыларға күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұрмыстық заттарды сатып алуға көмектеседі », - делінген ұйым хабарламасында.
Сондай -ақ, USAID -тің аймақтағы гуманитарлық қажеттіліктерді анықтап, бағалайтын және Қазақстан үкіметі мен гуманитарлық ұйымдармен тығыз жұмыс істейтін сарапшылары бар екені хабарланды.