Солтүстік Қазақстанда скутер жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан қаза тапты

Ulysmedia

Солтүстік Қазақстан облысында скутер жүргізуші жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Polisia.kz-ның мәліметінше, екі жігіт Тайынша аудан орталығында жол-көлік оқиғасына түсті. Қазанның 19-на қараған түні 19 жастағы жергілікті тұрғын «PEDA» скутерін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, электр тарату желісінің бағанына соғылған. Нәтижесінде жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. 21 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жүгініп, көрсетілген көмектен соң, үйіне жіберілген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.