20 қазанда Атырауда әлдебір алаяқ Нұрсая ықшам ауданында алтыншы қабаттың терезесінен құлаған баланы жерлеу үшін деген желеумен қала тұрғындарынан ақша жинаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
azh.kz-ның мәліметінше, қаза болған 5 жасар қыздың анасы алаяқтың әлеуметтік желідегі тиісті жазбаларын көріп, полицияға хабарлаған.
«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті іздестірілуде», - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.