Боран, көктайғақ: өңірлерде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» мекемесінің ақпаратына сүйеніп, алдағы күндері қандай өңірлерде боран соғып, жол жабылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ресми ақпарат бойынша, 2 қаңтарда түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. 2 қаңтарда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

2 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

2 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астана қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Көкшетауда 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 2-4 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы мүмкін. 2-4 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 2 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 3-4 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 3-4 қаңтарда тұман түседі. 2 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. 

2 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 2 қаңтарда кей уақытта тұман болуы мүмкін. 

2 қаңтарда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с.

Атырауда 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

2 қаңтарда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігіне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жезқазғанда 2 қаңтарда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі 

2 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды қаласында 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

2 қаңтарда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі. Қостанайда 2 қаңтарда түнде бұрасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.

Петропавлда 2 қаңтарда бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Семей 2 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.

қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскеменде 2 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

 2 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Оралда 2 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

2 қаңтарда күндіз Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

2 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақтауда 2 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

2 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде 2 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с болады.

2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20,  облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Павлодарда 2 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.