Батыс Қазақстанда әкесі мен ұлы суға батып кетті

Ulysmedia

Балық аулауға шыққан әкесі мен ұлы суға батып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, қайғылы жағдай 24 қазан күні сағат 17:00-де Бәйтерек ауданы, Жамбыл ауылында болған.  БҚО Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Дерқұл өзеніне екі адам батып кеткені туралы хабар келген.

17:30-да ауыл тұрғындары су ішінен 56 жастағы ер адам мен 9 жастағы баланы алып шыққан.

«Әкесі мен ұлы балық аулап отырған кезде суға батып кеткен. Өздері қолдан жасаған қайық аударылып кеткен. Оқиға орнында ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 техника жұмыс істеді», - делінген хабарламада.