Алматы облысында оқушылар төбелесі жаппай тәртіпсіздікке әкелді

Ulysmedia

27 қазан күні кешке Пенжім ауылында жаппай тәртіпсіздік орнады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Pixabay

27 қазан күні Панфилов ауданының аудандық ауруханасына мектептен дене жарақаттарын алған 16 жастағы жеткіншек жеткізілді.

Полиция мәліметінше, төбелеске 9 және 10 сыныптарда оқитын екі оқушы арасындағы ұрыс-керіс себеп болған.

Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталды. Қазір зардап шеккен баланың халі тұрақты.