Ұлтаралық қақтығыс па? Пенжім ауылында не болып жатыр

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде Панфилов ауданындағы мектептердің бірінде оқушылардың төбелескені, оның ізінше түнде бір топ адамның көшеде жүргені туралы видео тарап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаны «қазақ-ұйғыр қақтығысы» дейді. Ал ресми органдар әлі толық әрі нақты ақпарат берген жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін Алматы облысында оқушылар төбелесі жаппай тәртіпсіздікке әкелгенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қоса инстаграмдағы aqparat.kz парақшасы таратқан мәліметке сәйкес, төбелестен зардап шеккен жеткіншекке қажетті медициналық көмек көрсетілді.

 «Аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы ауыл азаматтарымен кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір жағдай тұрақты әрі бақылауға алынды», - делінген ақпаратта.