Қазақстанда үш тоқсанда отбасы-тұрмыстық салада 727 құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде отбасы-тұрмыстық салада 727 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,6%-ға аз, дейді finprom.kz.
«Өңірлерге келсек, ең көп құқық бұзушылық Шығыс Қазақстан облысында (111 оқиға), Алматы облысында (87 оқиға) және Қарағанды облысында (71 оқиға) тіркелген. Ал ең аз құқық бұзушылық тіркелген аймақ – Атырау облысы (5 оқиға)», – делінген ақпаратта.
Бұған қоса мәліметке сай, 100 жағдайдың 13-і өліммен аяқталады екен.