Қарағанды облысында 4 бала тірідей өртеніп кетті: оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ulysmedia

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті төрт бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Патриот Telegram-арнасы полиция қаза болған балалардың ата-аналарынан жауап алуды көздеп отырғанын жазды. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары ата-ананың сол күні кешке қайда кеткенін, балалардың бұған дейін қаншалықты жиі жалғыз қалғанын және пештің қаншалықты дұрыс болғанын анықтайтын болады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың анасы мектепте мұғалім, ал әкесі құрылыста жұмыс істейтінін, бірақ қыста үй шаруасымен айналысатынын айтқан.

Қаза тапқан балалар неше жаста болды

Бұған дейін 23 ақпанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенгенін жазған болатынбыз. 

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.