Автобустан құлаған әйел: жүргізуші жазаланды

Ulysmedia

Астана қаласының полиция департаментінде жүріп бара жатқан автобустан құлаған әйелге қатысты ақпарат берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Ведомствода жүргізуші тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

"Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық отыруына көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол берді. Жолаушы зардап шеккен жоқ. Жүргізуші тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, оқиға Астана қаласында 24 ақпанда таңертең орын алған. Видеода автобустың есіктері толығымен жабылмай, әйелдің салоннан құлап кеткенін аңғаруға болады.