Ақмола облысында шенеуніктер бюджет қаражатын жымқырған

Ulysmedia

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алынғанын анықтады.

Бұл факті бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.