Қарағандыда сәбиді далаға тастап кеткендер ұсталды

Ulysmedia

Қарағандыда сәбиді далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.