Қазақстанда ауа райы бұзылады

Ulysmedia

Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бүгін таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін.

1 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында және облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде және солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Бүгін түнде және таңертең Таразда тұман түсуі мүмкін.

1 қарашада Ақтөбе облысында батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Алматы облысының солтүстік-шығысында жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

1 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Бүгін күндіз Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

1 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда бүгін түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

1 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Бүгін түнде Павлодар облысының батысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдін екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында 1 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.

1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Петропавлда бүгін жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.