Алматы облысында су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ulysmedia

Салдарынан Жармұханбет өзенінің арнасы бойындағы екі көлдің тостағандары суға толып, соның кесірінен 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елді мекенді су басты, олардың бір бөлігі шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Құрылған штаб, уәкілетті органдар мен еріктілер қайғылы салдардың алдын алды.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы облысының Қаржы басқармасы сенімгерлік басқару шарты негізінде су қоймасын «Л. Петрова» ЖК-ге берген, соңғы баланс ұстаушы – Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының «Ілеиррегация» СШ МКК.

Сонымен қатар Алматы облысының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижелері бойынша ҚР ҚК 371-бабы (Немқұрайлылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, оны тергеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 30 наурызда Алматы облысында «Ворошилов» су қоймасының бөгеті бұзылды.