Таразда жүкті әйел перзентханада асылып қалған

Ulysmedia

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: shutterstock.com

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылып тұрғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп жатыр.