Қазақстандық таеквондошы тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Қазақстандық таеквондошы Темірлан Тілеулес Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Отандық спортшы 58 келіге дейінгі салмақтың финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Темірлан бірінші кезеңде 16:14 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде де жерлесіміз айқын басымдық танытып, 15:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде Тілеулес 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы таеквондодан тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Бұған дейін 

Еске салайық, бұған дейін боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарында ел қоржынына алтын медаль салғанын жазған едік.