Оралдағы мұғалімнің өлімі: күдікті ұсталды

Оралхан Қожанов

Орал қаласында бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өлтірді деген күдікті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орал қаласындағы №9 мектептің әлеуметтік желісінен

Бұл туралы БҚО полиция департаментінен хабарлады. Күдікті 25 сәуірде жедел із кесу барысында ұсталды. Ол бұрын сотталған Орал тұрғыны болып шықты.

ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салсақ, БҚО полиция департаменті әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлаған еді.