Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп барады: қыстақ тұрғындары көшіріледі

Сырым Қаржас

Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Атырау облысының жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланғанын хабарлады.

Толығырақ

"Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Төленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды. Қазіргі уақытта қауіпсіз жерлерге жергілікті тұрғындардың 310 малы айдалды", - делінген хабарламада.   

Лесхоз Махамбет ауылдық округіне жатады. Барлығы 25 үй бар, олардың тек 7-і тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылында тұрады.

Қазіргі уақытта қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын.