Су тасқыны және ТЖ: Батыс Қазақстанда екі жүзден астам үй тұруға жарамсыз болып шықты

Айнель Аянова

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан екі жүзден астам үй тұруға жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарлады.

Қаратөбе ауданында 97 үйді су алса, оның ішінде 90 үй тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс кезеңінде 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы учаскелерде орналасқан.

Сырым ауданында 257 үй : 114 – тұруға жарамсыз, 149 – жөндеу қажет. Құрылыс процесінде – 114 үй, оның 51 – і жаңа алаңда, 63 – і бұрынғы учаскелерде тұр.

​Теректі ауданында 45 үйді су алса, оның 23-і тұруға жарамсыз. Құрылыс кезеңінде жаңа алаңдарда 18 үй бар.

Бұл аудандарда құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтауға уәде беріліп отыр.

Үкіметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан республика бойынша барлығы 12 155 тұрғын үйге су кірген.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.