Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

«Бёрнли»

Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың нарықтағы құнын жаңартты. 18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың бағасы бірден 1,5 миллион еуроға өсіп, ол қайтадан елдегі ең қымбат футболшы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Енді немістің Transfermarkt порталы қазақстандық футболшыны 5 миллион еуроға бағалап отыр.

Ал 2025 жылғы қарашада оның нарықтағы құны 3 миллион еуро болған.

Сәтпаев жеті жылдық келісімшартқа қол қойған Лондонның «Челси» клубына тиесілі.

Қазір ол Чемпионшипте өнер көрсететін «Бёрнли» сапында жалға ойнап жүр.

Осы маусымда қазақстандық футболшы Англияның екінші дивизионында және Лига кубогында дебют жасап үлгерді.

Қазір шабуылшы алаңға шықпай жүр. Ол жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр.

Контекст

Бұған дейін мексикалық футбол комментаторы Карлос Рейносо Сәтпаев келесі жазда ауысуы мүмкін үш клубты атаған еді.

Олар - «Сандерленд», «Ковентри» және Францияның «Страсбур» клубы.

Оның пікірінше, 18 жастағы қазақстандық футболшының болашағы зор.