Екі өкпесі қабынған келіншекті дәрігерлер мерзімінен бұрын босандырып алған, бірақ ауруы қатты асқынып, жансақтау бөлімінде жан тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
24kz-ның мәліметінше, дүниеге келген нәресте аман. «Қызыл аймақтағы» өңірде жұқпалы дерт күннен-күнге өршіп барады. Кейінгі тәулікте 135 адамнан вирус анықталды. Санитар мамандардың мәліметінше, қазір облыс бойынша ауруға қарсы 235 мыңнан аса адам вакцина салдырған.
«Пандемия басталғалы СҚО-да 646 жүкті әйел коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның ішінде 203-і қатты ауырды. 58 өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылды. Сонымен қатар, 38 жас ананы уақытынан бұрын босандыруға тура келді», - дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.