БҚО-да жыл басынан бері 72 жасөспірім қыз жүкті болды

Ulysmedia

Аяғы ауыр болған 72 жасөспірімнің тоғызы 16 жасқа толмаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, БҚО-да 186 мыңнан астам кәмелетке толмағандар болса, оның 27 мыңнан астамы 15 пен 18 жас аралығындағылар.

«Облыста 18 жасқа толмағандарға қатысты қылмыстар көбейген. Кәмелетке толмағандарға қатысты Оралда 59 қылмыс жасалған. 31 қылмыс кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қатысты», - дейді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықов осы жылдың басынан бері облыста 18 жасқа дейінгі қыздар арасында жүктіліктің 72 оқиғасы тіркелсе, оның тоғызы 16 жасқа толмағанын айтты. Жүкті болған жасөспірімдер арасындағы алтауы азаматтық некеде тұрып жатса, үшеуі ата-анасымен бірге тұрады.