Атырауда Ресейде тіркелген көлік қаққан ер адам мерт болды

Ulysmedia

Оқиға 10 қараша күні 20:00 шамасында болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласындағы С.Бейбарыс даңғылымен Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайға бара жатқан Kia Serato көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде ер адамды қағып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасынан 1981 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде тұрғаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ресейлік көліктің 28 жастағы жүргізуші ұсталды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты іс-құжаттар жинақталуда.