Маңғыстауда бір үйір ақбөкен қазылған орға құлап кетті

Гулназ Ермаганнбетова

Маңғыстау облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орға құлаған ақбөкендер туралы ақпаратты нақтылады. Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған. 

Фото: Ашық дереккөзден

 

Облыс әкімдігі мен облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы видеоның Батыс Қазақстан облысында 11 қыркүйекте түсірілгенін хабарлады.

Олардың айтуынша, киіктер Казталовка-Жәнібек тас жолын кесіп өтетін кезде қоршаулардың жоқтығынан орға түсіп кетіп, жазық беткей болмағандықтан шыға алмаған. Кейін арнайы техниканың көмегімен шығарылған, деп жазады ulysmedia.kz.

Ақбөкендерді құтқару туралы видео желіде 15 қыркүйекте пайда болды.