Қостанай облысында 3,9 бал көлемінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2024 жылы 27 шілде күні таңертең білінген.
Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта (Гринвич бойынша 04 сағат 54 минут) Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентрдің координаттары: 52.81 градус солтүстік ендік, 63.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=3.9. Энергетикалық класс К=9.4 – делінген ақпаратта.