Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 млн теңге айыппұл салынды

Қалижан Бектемір

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізіп, «Алтай Полиметаллы» ЖШС-не сарқынды суларды ашық жерге ағызғаны үшін ірі көлемде айыппұл салды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура

Компанияны тексеру үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады.

Тексерудің нәтижесінде кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегені анықталған.

КОМПАНИЯ САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ АШЫҚ ЖЕРГЕ АҒЫЗЫП ОТЫРҒАН

Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.

Бұған дейін хабарланғандай, рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін «FlyArystan» компаниясы да жауапкершілікке тартылған болатын.

Әуе компаниясына Әкімшілік кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.