Шортандыдағы жарылыс: 13 жасар бала ауруханада көз жұмды

Ulysmedia

Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллоны жарылып, 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ҚР ТЖМ

«Шұғыл хабарлау мақсатында 2021 жылдың 20 қарашасы күні сағат 21.34-те Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде кәмелетке толмаған 2008 жылы туған бала Жархынбек Оразалы көз жұмды. Ол Шортанды ауылында газ баллонының жарылуы салдарынан дене жарақатын алған болатын», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы  16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жеткізілген болатын.