Семейде Бельгия тұрғынына қателесіп «вакцина салған» дәрігер жазаланды

Ulysmedia

Екі жыл бойы Семей қаласында тұрмаған ер адамға вакцина алғаны туралы хабарлама келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Arnapress.kz-ның мәліметінше, «За нами уже выехали» Telegram арнасының жазылушысы вакцинацияға қатысты осы оқиғасымен бөліскен болатын. Ол екі жылдан бері Бельгияда тұрып жатқанын, бірақ оның қазақстандық SIM-картасы әлі жұмыс істейтінін айтты. Оған QazCovid-in вакцинасын алғаны туралы хабарлама келген. Тіпті ер адамға тіпті вакцинация төлқұжатының сілтемесі де жіберілген. Оған Семей қаласындағы 7-емханада екпенің екі компонентін алғаны хабарланған.

Ал ер адам көптен бері Семейде тұрмаған, тіпті қайтып бару ойы да жоқ. Аакцинаны Семейде емес, Бельгияда алған және QazCovid-in емес, Moderna вакцинасын ектірген.

Бұл оқиғаға түсініктеме берген ШҚО денсаулық сақтау басқармасы «Вакцинация» ақпараттық жүйесіне егілген науқастардың деректерін енгізу кезінде ЖСН қате енгізілгенін хабарлады. Бұған медицина қызметкерінің жүктемесінің артуы себеп болған.

«Бұл жағдайды пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау органдары тексерді. «Вакцинация» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу кезінде бақылау болмағаны үшін дәрігер Г.Т.Заманбекова әкімшілік жаза – сөгіс алды», -делінген ШҚО Денсаулық басқармасының баспасөз хабарламасында.