Павлодарда жаяу жүргінші көлік қағып, көз жұмды

Ulysmedia

Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 04.35-те Сәтбаев көшесіндегі 35-ші үйге қарама-қарсы аумақта орын алғанын хабарлаған. 

«Opel Astra» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, 1975 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігінде отырған. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - делінген баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына  қойылғанын атап өтті.