Тәуелсіз Шымкент мемлекеті: Әйтенов басқаратын қала өз заңымен қалай өмір сүріп жатыр

Ulysmedia

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті атқарушы орган мен кәсіпкерлер арасындағы жер дауының себебі мен қала әкімдігінде не болып жатқанын түсіндіріп көрмек болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Шымкенттің қожасы кім? Оңтүстіктегі мегаполисте кәсіпкерлікке арналған жер телімін ұсынудың «бірегей» тәжірибесін зерттеген жер қатынастары жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек дәл осындай сұраққа жауап іздеп жүр. Сарапшы әлеуметтік желіде жер комиссиясының оң шешіміне қарамастан Шымкент қаласы әкімдігі «Dala – Construction» ЖШС-ға жер учаскесін беруден бас тартқанын жазды. Оның хабарлауынша, мұндай жағдайлар қалада жиі тіркеледі.

Осылайша, қала билігі ҚР Жер кодексінің 43-бабының заңдылығын өрескел бұзып отыр екен. Өйткені жер комиссиясының шешіміне шағымдануға тек сот құқылы. Кейін заңгер Әйтенов тіпті жаңа заң ойлап табуды шешкенін жазды: ол «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» КММ-ға сот шешімінсіз жер беруден бас тарту құқығын беріп қойыпты. Сот өз кезегінде, заңгердің дәлелін қабылдап, Әйтеновтың әрекеттерін заңсыз деп таныған.

Бұл дауға байланысты ОКҚ алаңында пікір білдіруді әкімнен тілшілер сұрап көрді.

Өз кезегінде Мұрат Әйтенов компания басқа учаскені игермей, оны кеңейтуді сұрағанын мәлімдеді. Алайда неліктен бұл сұрақпен сот емес, әкімдік айналысып жатқанын, жергілікті билік не үшін заң бұзып отырғанына жауап бермеді.

«Жер учаскесін беру мәселесін жер комиссиясы қараған кезде бұл компания кеңейту шеңберінде жер учаскесін алғаны ескерілмеген. Бұл компания жерді игермей, қосымша тағы сұраған. Әкімдік пен комиссияға осы учаскені игеру міндеті қойылды, артынша кеңейтуге де рұқсат берілер еді. Жер учаскесін беру бойынша соңғы шешімді әкімдік береді, бірақ бұл жер учаскесі оған дейін жеткен жоқ», - дейді шенеунік.

Бақытжан Базарбек болса билік өкілдері басқа учаскеде орналасқан нысан бойынша құжаттаманың жоқтығына сілтегенін жазады.

«Шымкент әкімдігі өз басқармасының хабарламасымен бұл учаскені беруден бас тартады. Кадастр нөмірі тіпті бөлек басқа учаске бойынша құрылыс жағынан құжаттама дайындалмағаны себебін алға тартады», - дейді заңгер.

Өкінішке қарай жер учаскесін кәсіпкерлер ғана емес, жай тұрғындар да ала алмай жүр. Бұдан бұрын БАҚ өкілдері қалалықтар 17 жылдан бері жер телімін ала алмай жүргені жазылған. Осының салдарынан олар шағын аудандардың бірінде өз үйін заңсыз сала бастаған.

Шымкент шаһарының басшысы бұл мәселеде инфрақұрылымның жоқтығын айтып, алдағы үш жылда проблеманың шешімін табатынын мәлім етті.

«Шымкентте инфрақұрылымдық мәселелердің бәрі шешілген. Шымкент инфрақұрылымы қамтамасыз етілмеген облыстың басқа аудандарымен шектеседі. 2025 жылға дейін осы мәселені біржақты еткіміз келеді», - дейді ол.

Жұмыстың бұл бағытымен 2025 жылға дейін ашулы шымкенттіктер қалай өмір сүретіні белгісіз. Естеріңізде болса, 2006 жылы Шаңырақтағы оқиға да дәл осындай созбалаңның салдарынан туындаған болатын. Әйтсе де Қазақстанның жаңа тарихынан Әйтенов сабақ ала қоймаған секілді.