Қостанай облысында аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен жолдасы жол апатынан қаза болды

Ulysmedia

Қайтыс болған жұбайлардың артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

qostanai.media

qostanai.media-ның мәліметінше, «Медіқара үні» газетінің редакторына белгілі болғандай, жол апаты бүгін – 10 желтоқсан күні Боровскийдің айналма көшелерінің бірінде болған.

«Алтынсарин көшесі бойында арақашықтықты сақтаған ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі адамның өліміне себепкер болды. Жол қозғалысы ережелеріне немқұрайлы қарау салдарынан жүк көлігі жүргізуші Фольксвагеннің алдына түсіп алмақ болған. Жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2106 көлігімен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, ВАЗ-2106 жүргізушісі Виталий Комаров оқиға орнында тіл тартпай кетті. Оның жұбайы – Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елена Комарова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенмен, есін жимаған күйде көз жұмды. Жүк көлігімен соқтығысқан Фольксваген жолаушысы да миы шайқалып, аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.