Қостанайда көктемде енгізілген төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Сырым Қаржас

Сәуір айында су тасқыны салдарынан Қостанайда енгізілген төтенше жағдай режимі бүгін алынып тасталды. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтарына" сілтеме жасай отырып Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ulysmedia коллажы

Қостанайда ТЖ режимі 6 сәуірде енгізілген.

Қостанай әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, қалада тоғыз ай бойы су тасқынының салдары жойылған.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ  

Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын оқиғалардың бірі болды.

ҚР 10 өңірінде төтенше жағдай енгізілді.

Бүкіл ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген.