ШҚО-да -3 градус аяз күтіледі

Ulysmedia

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ соңы қарға ұласатын жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Қазгидрометтің хабарлауынша, түнде облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз болады.

Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қаупі туындап тұр, сондықтан аудан тұрғындарына сақтық шаралары қажет.

Егер белгілі бір аумақта арнайы өрт режимі енгізілген болса – орманға баруға қатаң тыйым салынады. Орманға барған кезде:

  • жанып жатқан сіріңке, темекі қалдығын орманға тастауға;
  • желді ауа райында от жағуға;
  • жаққан қараусыз қалдыруға немесе сөндірмей кетуге;
  • орманда шыны ыдыстарды қалдыруға;
  • орман алқаптарында, бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астында құрғақ шөпті жағуға, қамысты өртеуге болмайды.